Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Актриса өлімі: Ильяс Кар 10 жылға сотталды
Алматыда үш адамның өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі Ілияс Карға сот үкімі шықты.
15:53 20.02.2019
Алматы аудандық сотының судья Роман Селицкий 34 жастағы сотталушы Ілияс Карды 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім етті. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ ол 7 жыл көлік тізгіндеу құқығынан айрылды. Мемлекеттік айыптаушы І.Карды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Еске салайық, оқиға 2018 жылы 29 желтоқсанда болды. Mercedes Gelandewagen автомобилін жүргізген Ілияс Кар Mitsubishi Galant көлігін соққан. Нәтижесінде 33 жастағы жүргізуші Бақытнұр Құнапияұлы, 45 жастағы Шолпан Елгезекова және 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапты. 41 жастағы Айзада Сатыбалдиева ауыр халде емханаға жеткізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram