Қазақстандық боксшы Лондонда қарсыласын нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (4-0, 3 КО) бүгін түнде кәсіби рингтегі тағы бір жеңісіне қол жеткізді.
13:33 23.02.2019
Лондондағы York Hall аренасында Сұлтан Зауырбек екінші орта салмақтағы болгар боксшысы Любена Тодоровке (6-4, 2 КО) қарсы жұдырықтасып, төртінші раунд нокутпен аяқталды.
«Аллаға шүкір, төртінші жеңісіме қол жеткіздім! 2019 жыл сәтті басталды!», - деп жазады спортшы өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Сұлтан Зауырбек 1 наурызда алаңға қайта келуді жоспарлаған, әзірге қарсыласы белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!