{metadescription}
СҚО-да газ баллоны жарылып, ер адам қайтыс болды

СҚО-да газ баллоны жарылып, ер адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны газ баллонындағы ақаудан шыққан өртте көз жұмды.

Солтүстік Қазақстан облысы Ш.Уәлиханов ауданында 24 ақпан күні сағат 21:00-де 102 пультіне өрт жайлы ақпар түскен деп xабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұраxметов. 

«Газ баллонының редукторындағы ақау салдарынан газ ауамен араласып, оның арты өртке ұласқан. Үйдегі жиһаздар өртенген, жалын 12 шаршы метр ауданды шарпыған», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілері 21:37-де тілсіз жауды ауыздықтап, 21:56-да толықтай сөндірді. Апат кезінде күйік шалған 1964 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.