Оскар-2019: Ең үздік фильм анықталды
Әлемнің үздіктерін анықтайын Лос-Анджелесте Оскар сыйлығының 91- марапаттау рәсімі өтті.
12:41 25.02.2019
Жылдың ең үздік фильмдері номинациясына "Черная Пантера", "Черный клановец", "Богемская рапсодия", "Фаворитка", "Зеленая книга", "Рома", "Звезда родилась", "Власть" фильмдері таласты. Ал бағы жанып, қанжығасына бас жүлдені байлаған пианист пен шофердің саяхаты туралы "Зеленая книга» фильмі болды.
Көпшіліктің есінде қалған таңғалдырарлық нәрсе, Билли Портердің ұзын қара көйлегі болды.
2019 жылғы Оскардың барлық жеңімпазы:
Екінші пландағы үздік актер: Махершала Али, "Жасыл кітап"
Екінші пландағы үздік актриса: Реджина Кинг, "Егер Бил-стритке тіл бітсе"
Үздік анимациялық фильм: "Өрмекші-адам. Әлемдер арасында"
Үздік операторлық жұмыс: Альфонсо Куарон, "Рома"
Үздік костюмдер дизайны: "Қара пантера"
Үздік деректі фильм: "Еркін жалғыз көтерілу"
Үздік қысқаметражды деректі фильм: "Нүкте. Сөйлемнің соңы"
Үздік монтаж: Джон Отманн, "Богемалық рапсодия"
Шет тілдегі үздік фильм: "Рома" (Мексика)
Үздік грим және шаш үлгісі: "Билік"
Үздік саундтрек: "Қара пантера"
Үздік ән: Shallow, "Жұлдыз туды"
Үздік қоюшы-суретші: "Қара пантера"
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм: "Бао"
Үздік дыбыс монтажы: "Богемалық рапсодия"
Үздік дыбыстар жиынтығы: "Богемалық рапсодия"
Үздік визуал эффектілер: "Айдағы адам"
Үздік бейімделген сценарий: "Қара нәсілді Ку-клукс-кландық"
Үздік түпнұсқа сценарий: "Жасыл кітап"
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!