Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банк төрағасы болды
Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады.
16:32 25.02.2019
«Президент Ұлттық банк төрағасы Данияра Ақышевтың отставкаға кетуін мақұлдады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сіздерге Ұлттық банк төрағасының кандидатурасын келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол қызмет еткен жылдары өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете білді. Мен Сіздерден келісімдеріңізді берулеріңізді сұраймын», - деді ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев.
Палата депутаттары Ерболат Досаевтың кандидатурасына бір ауыздан келісім берді.
Ерболат Досаев туралы не білеміз?
Досаев 1970 жылдың 21 мамырында Алматы қаласында дүниеге келді. Ол Алматы қаласындағы энергетикалық институт пен Баумен атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде білім алған.
1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. 1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған;
2014 - 2016 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрі, 2016 жылдың 16 мамырынан "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды.
2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап - ҚР экономикалық даму және сауда министрі; 2017 жылдың тамызынан ҚР премьер-министрінің орынбасары, әрі сол жылдың қазанынан осы күнге дейін Ұлттық банктің басқарма мүшесі болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram