Астанада әйел перзентхананың еденінде босанып қойды
№2 перианталды орталығында дәрігерлердің көмегін күтпестен әйел босанып қойды.
17:20 25.02.2019
Бұл туралы 31 жастағы Ұлбосын Кенжаева Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана - хочу похвалить/пожаловаться» тобында жазды, айтуынша оқиға 19 ақпанда болған.
«Босану кезінде жанымда дәрігерлер болмады. Батарея қасында босануыма тура келді. Қанша айқайласамда, ешкім келмеді. Ақырында сәбиді еденде босандым. Бұл жағдай 21 ғасырда Астанада болып жатыр. Әділдік қайда? Бейнебақылау камерасын көрсетпей отыр», - деп жазды әйел.
«Босандыру залында дәрігерлер сағат 12:25-тен 12:50-ге дейін төрт әйелді босандырып жатқан және күрделі ота жасалған. 12:50 шамасында Кенжаеваның толғағы басталып, босанып қойыпты. 3 355 грамм және 55 см болатын ұл бала дүниеге келген», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Елорда әкімшілігі бұл оқиғаны растады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!