Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында жүз жасаған 60 әже тұрады
Алматы облысында ғасыр жасаған 60 ақжаулықты әже тұрады.
01:01 04.03.2019
8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұзақ жасаған нәзік жандыларға құрмет көрсетілмек. 60 кейуананың ішінде ең үлкендері Райымбек ауданының үлесінде. Шәлкөде ауылының тұрғыны Турахан Әбдібаева113 жасқа келсе, 112 жастағы Сұлухан Баятова Қарасаз ауылынан. Дәл осы Райымбек ауданы ұзақ жасайтын аналар санымен де көш бастап тұр.
Облыс орталығы Талдықорған қаласында тұратын қарт аналар құрдас болып шықты. Күләнда Мықтыбаева мен Зылиха Қожкенова 104 жаста. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаевтың айтуынша, тізімдегі барлық ақ жаулықты аналарды облыс, аудан және қала басшылары құттықтайтын болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram