{metadescription}
Павлодарда көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Павлодарда көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Павлодарда тұрғын үйде жарылыс болды.

«Сағат 14:42-де Мүткенов, 53, бірінші кіреберіс мекенжайынан шақырту келіп түсті. Зардап шегуші 1986 жылы туған. Диагнозы: екінші және үшінші дәрежелі бастың жоғарғы бөлігінің және аяқ-қолдың термиялық күйігі. Ол қалалық аурухананың күйік бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Бірінші қабатта орналасқан асүйде белгісіз зат жарылып, артынша тұрыстық техника өртенген. Өрттің аумағы - 8 шаршы метр. Жарылыс орнында 1983 жылғы ер адамның денесі табылды, сондай-ақ, 1986 жылғы ер адам күйік алып, ауруханаға жеткізілген.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің мәліметінше, өрт сағат 15.11-де сөндірілді. 60 адам эвакуацияланды, олардың 15-і - балалар. Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 20 адам және Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бес дана техникасы жұмылды.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.