{metadescription}
Елбасы Ақордада әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы Ақордада әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесті.

Елбасы барша қыз-келіншектер мен Қазақстан азаматшаларын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Президент 8 наурыз мерекесін әйелдердің сұлулығы, махаббаты мен отбасылық құндылықтарын бағалайтын әрі мақтан тұтатын күн деп атады.

"Бүгін қандай әдемісіңдер бәрің! Керемет! Бүгін Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайын деп шақырдым. Қазақстанның қыз-келіншектері, аналар, апалар мына залдың ішіне сыймайды. Бүгін кешке қарай үлкен концерт болады. Сол жерде барлығыңызды тағы құттықтайтын боламыз", - деді Н.Назарбаев.

Кездесуге көпбалалы аналар, кәсіпкер әйелдер, танымал әртістер, ақын, құқық қорғаушы қыз-келіншектер қатысты. 

"Ана деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды", -  деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.