Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мексикада автобустың 19 жолаушысы ұрланды
Бұл істің артында жергілікті қарулы топтар тұруы мүмкін.
17:28 11.03.2019
10 наурызда қаруланған адамдар автобустың 19 жолаушысын ұрлап кеткен. Автобус Тампико қаласынан Рейнос қаласына жол тартқан. Екі көлікке мінген қылмсыскерлер автобусты тоқтатып, одан 19 адамды шығарып, өз көліктеріне отырғызып белгісіз бағытқа алып кеткен.
41 жолаушыдан Рейнос қаласына тек 22 адам ғана келді, бұл деректер әлі ресми расталмады. Адам ұрлаумен айналысқанына қарағанда, бұл істің артында жергілікті қарулы топтар тұруы мүмкін. Мексика соңғы жылдары зорлық-зомбылықты бастан кешуде. Өткен жылы кісі өлтіру оқиғаларының саны - 33,3 мыңнан астам дерек тіркелген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram