{metadescription}
Ирандық әйел хиджаб үшін 15 жылға сотталуы мүмкін

Ирандық әйел хиджаб үшін 15 жылға сотталуы мүмкін

Насрин Сотуде хиджаб киюге қарсы шыққан.

Насрин Сотуда Ирандағы оппозиция белсенділерінің мүдделерін қорғаған. Мысалы, хиджабты міндетті түрде киюге қарсы көше әрекеттеріне қатысқан әйелдерді жақтаған. Иран соты 55 жастағы құқық қорғаушы Насрин Сотудені  10 жыл бас бостандығынан айыруға және 148 рет шыбықпен ұру жазасына кесті. Ол бұған дейін бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген және ол жазасын өтеп жатқан.

148 рет шыбықпен ұру жазасын оған сот отырысына хиджабсыз келгені үшін тағайындаған. Насрин Сотуде Ирандағы хиджаб киюді міндеттеуге қарсы шыққан оппозициялық белсенділердің құқығын қорғаған. Иранда әйелдерге хиджаб кимей сыртқа шығуға тиым салынған. Егер бұл тиымды бұзған жағдайда түрме түсу немесе айыппұл төлеу қаупі бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде