{metadescription}
Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс түсті

Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс түсті

«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса дүйсенбі күні  үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс тастады.

Петропавл, Павлодар, Семейдің атын ауыстыруды ұсынып жатыр. Демократиялық партия төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның пікірінше, Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру керек.

«Петропавлды — Абылай ханның атымен, Павлодарды — тәуелсіздік үшін күрескен Кенесарының атымен, Семейді — Әлихан Бөкейхановтың атымен атау керек. Біз осылай жалғастыру керекпіз», - деді Иса «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында.

Сосын ол өз пікірімен бөліскенін айтты.

«Бұл менің жеке ұсынысым, сосын партияның фракциясымен отырыста көре жатармыз», — деп жауап берді Қазыбек Иса журналистерге. 

«Ақ жол» демокартиялық партиясы парламенттік партия саналады. Оның мәжілісте депутаттық фракциясы бар.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде