{metadescription}
«Есінен танғанша қылқындырды» - Алматы дүкендерін тонаған қырғызстандық ұсталды

«Есінен танғанша қылқындырды» - Алматы дүкендерін тонаған қырғызстандық ұсталды

Іздеуде жүрген қырғызстандық Алматыда тонаушы болған.

«Оңай олжаға үйреніп қалған адам Қырғызстандағы «кәсібін» Алматыда да жалғастырған. Күдікті сатушыны есінен танғанша қылқындырған. Әйел сылқ ете түскенде, ол кассаға жүгіреді. Бірақ дүкеннің кассасында ақша болмай шықты. Содан ол жерде жатқан әйелдің қалтасын тінти бастайды. Ұры әйелдің телефонын алып кеткен», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдібаев.

Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел тергеу жұмыстарының арқасында күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Дүкенші әйел есін жиды. Оның денсаулығына зақым келмеген. Полицияның хабарлауынша, қырғыз жігітінің өзге де қылмысқа қатысы бары анықталды

«Күдіктінің бұған дейін де Медеу ауданында қылмыс жасағанын анықтадық. Зардап шеккендер мен оның қылмысына куә болғандардың мына телефондарға қоңырау шалуын сұраймыз: 254-46-12; 254-46-01 немесе 102», -  деді Меңдібаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.