Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Кореяда 7 қазақстандық қайтыс болды
Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
20:38 01.04.2019
Кореяда ауыр жұмыс салдарынан Қазақстанның 7 азаматы қаза тапты.
«Менің қолымдағы бар ақпаратқа сәйкес, осы жылдың басынан бері Оңтүстік Кореядан осы уақытқа дейін 1000-нан астам қазақстандық елге оралды. Әлі де операция жалғасуда. Әлі азаматтарымыз сол жақта қалып қоюда. Бізге қайғылы хабарлар да келіп түсіп жатыр. Соңғы жарты жылдың ішінде Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жүрген 7 азаматымыз қайтыс болды. Жасы 30 бен 40-тың арасында, жап-жас жігіттер», - деді Смадиров.
Осы ретте ресми өкіл олардың неден қаза тапқанын да айтып берді.
«Қара жұмыс істегеннен кейін кешке үйіне шаршап келіп, ұйықтап қалған соң оянбай қойған. Олар заңсыз жүргендіктен ешқандай медициналық сақтандыруы жоқ, жұмыс берушімен келісімшарт жасамаған. Әке-шешесіне оларды елге әкелу қиынға соқты. Өйткені Оңтүстік Кореядан бір денені жеткізу үшін 6-7 мың доллар ақша керек», - деді баспасөз хатшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram