{metadescription}
Теміртауда науқас жедел жәрдем фельдшерін қылқындырмақ болған

Теміртауда науқас жедел жәрдем фельдшерін қылқындырмақ болған

Араққа сылқия тойған 1996 жылғы жігіт жедел жәрдем шақыртып, үйге кірген фельдшер қызға тап берген.

Оқиға 30 наурызда түнгі уақытта болған. Жас жігіттің мұндай қадамға баруына медқызметкердің дәрі егуден бас тартуы себеп болыпты. «Науқас» дәрігерге ішінің ауырып жатқанын айтып шағымданған. Алайда, фельдшер оның жағдайының ауыр еместігін, дәрі егуге болмайтынын айтыпты. Сол сәтте ашуға мінген мас жігіт оны балағаттап, артынша қылқындыра бастапты. Фельдшер дер кезінде станцияға қоңырау шалып үлгерген.

«Полицияның келетінін сезген ол есікті бірден ашты. Шыға бергенімде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көрдім, бөлімшеге барып арыз жаздым», - дейді жәбірленген фельдшер. 

Анықталғандай, медқызметкерге шабуыл жасаған күдікті бұған дәл сол күні жедел жәрдем станциясына екі рет хабарласыпты.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.