Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен және қалалық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Амангелдi Халауденұлы Смайылов Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.
11:34 03.04.2019
«Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімдері бойынша Ақмола облысы әкімінің ағымдағы жылғы 3 сәуірдегі өкімімен Амангелді Халауденұлы Смаилов қала әкімі болып тағайындалды», - делінеді хабарламада.
Амангелдi Халауденұлы Смайылов 1962 жылдың 9 желтоқсанында туған.
Білімі жоғары, инженер-құрылысшы мамандығын игерген.
Еңбек жолын 1979 жылы Александровский құс совхозында электромонтер ретiнде бастаған.
1983-1988 жылдары аралығында В.В.Куйбышев атындағы Сiбiр автомобиль-жол институтында білім алды.
1988-1993 жылдар аралығында Омбы-Дәуiт карьер басқармасында, 1993-1998 жылдар арасында «Ритм» ЖШС, 1998-2005 жылдар аралығында «Реал НГП», 2006 жылы «СК Ауыл газ», 2011 жылы «ЕNKI» ЖШС-де басшылық қызметтерде болды.
2014-2015 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. 2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып істеді.
2018 жылғы 8 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары қызметiнде болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram