Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әбіш Кекілбаев повесі желісімен түсірілген фильм Иранда фестивальге қатысады
Жәнібек Жетіруовтың «Шыңырау» атты көркем фильмі халықаралық «FIFF» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады.
12:04 03.04.2019
«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, фестиваль 2019 жылғы сәуірдің 18-26 аралығында Иранның астанасы Тегеранда өтеді. Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән құбылыстарды көтереді.
«Фильм тек кинофестиваль талаптарына ғана емес сонымен қатар көрермендердің де көңілінен шығатынына сенімдімін. Себебі фильмге арқау болған тақырып тың және құпия мен сырға толы касиетті Маңғыстаудың ғажайып табиғаты шығарманың бояуын қанықтырып, оған терең астар жүктеді. Биыл еліміз қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалып жатқанда фильмнің осындай халықаралық кинофестивальдерге қатысуы жазушының творчествасына берілген зор баға және біз үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын», - деді фильмнің режиссері Жәнібек Жетіруов.
Аталған фильм Бангладештің Дакка қаласында өткен 17-ші ХКФ үздік операторлық жұмыс номинациясы бойынша жеңіске жеткен. Fajr International Film Festival (FIFF) Иран киносының дамуына үлкен әсер тигезітен, басқа елдермен мәдени алмасуға ықпал ететін ірі кинофестиваль. Негізі 1982 жылы қаланғалы бері фестивальдің қазылар алқасы қатарында әлем кинематографының белді тұлғалары - Фолькер Шлендорф, Кшиштоф Занусси, Бела Тарр, Агнешка Холланд, Андрей Звягинцев және Рүстем Ибрагимбеков болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram