{metadescription}
Қытайлық қазақ боксшысы чемпиондық титулын жеңіп алды

Қытайлық қазақ боксшысы чемпиондық титулын жеңіп алды

Қытайдың Шыңжаң өңірінен туып-өскен ұлты қазақ кәсіпқой боксшы Ұлан Төлеғазыұлы (10-3-1,4 КО) кезекті жекпе-жегінде чемпиондық белдік жеңіп алды.

Қытайлық sohu.com спорт порталының хабарлауынша, ең жеңіл салмақта (50.8кг) жұдырықтасатын Ұлан Төлеғазыұлы Шанхай қаласындағы бокс кешінде жеңіліп көрмеген жапондық боксшы Риота Ямаучимен(4-0-0, 4КО) WBA тұжырымы бойынша халықаралық чемпион титулын (WBA International Flyweight Title) сарапқа салды.

12 раундқа созылған тартысты жекпе-жекте, қандасымыз қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенімен, 6 раундта өзіде бір рет накдаун алып қалды. Алайда, екі боксшыда жеңіс үшін аянбай жұдырықтасып, қортындысында басымдылық танытқан қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Есеп 115/112,117/109,117/109.

Осылайша Ұлан Төлеғазыұлы ең жеңіл салмақта үш бірдей бокс ұйымының чемпиондық титулдарын иеленді. Бұған дейін ол WBC тұжырымы күміс белдігі (WBC Silver Flyweight Title) және WBO тұжырымы Азия-Тынық мұхит чемпионы (WBO Asia Pacific Flyweight Title) белдіктерін жеңіп алған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.