{metadescription}
Фируза Шарипова әлем чемпионы атағынан айырылды

Фируза Шарипова әлем чемпионы атағынан айырылды

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Халықаралық бокс ұйымының (IBO) чемпиондық белбеуінен айырылды.

Ұйымның ресми сайтында Шарипова чемпиондар тізімінен алынып тасталған. Фируза Шарипова ІBO дәрежесі бойынша әлем чемпионы болып 2017 жылдың 30 желтоқсанында атанды.Ол шешуші жекпе-жекте белгиялық Джемилла Гонтарюкті жеңіп, жүлдеге ие болған.

Сонымен қатар, бұл жекпе-жекке WBC Silver белбеуі де тігілген еді. Екі белбеу де бос болған. Осылайша, Шарипова ол одан да айырылды. Шариповада енді жеңіл салмақта жеңіп алған WIBA белбеуі ғана қалды. Алдағы жоспарымен бөліскен қазақстандық спортшы белбеуден айырылу командасының кінәсі емес екенін әлеуметтік желіге жазған. 

"Мен әлі де WIBA белбеуін сақтап қалдым. Ал өзге титулдан айырылу – менің немесе менің командамның кінәсі емес. Өйткені бұл белбеуден кездесу кезінде айырылған жоқпын. Алайда, өкінішке қарай, Қазақстанда бізді ешкім қолдап отырған жоқ",- деп аяқтады спортшы өз жазбасын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.