{metadescription}
Оралда 17 жастағы қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген

Оралда 17 жастағы қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген

БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген тұрғын сотталды.

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған қылмыстық сотында Асхат Темірбаевтың 17 жастағы мектеп түлегі Дана Өтеғалиеваны зорлау мен кісі өлтіру қылмысына қатысты жаңа сот шешімі шықты. Алқабилердің шешімімен сотталушы ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (зорлау, яғни жәбірленушіге күш қолданып, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық қатынас жасау), 121-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (жәбірленушіге күш қолданып, кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау), 99-бабы 2-бөлігі 10 және 14-тармақтары (адам өлтіру), 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес айыпты деп танылды.

«Тараптар ұсынған дәлелдер негізінде сот Темірбаевты кінәлі деп тапты. Қазылар алқасының шешімі бойынша, Асхат Темірбаевқа 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - деп хабарлады БҚО сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 17 жастағы Дана Өтеғалиеваны былтыр 28 шілдеге қараған түні БҚО Зеленов ауданы, Дариньское ауылында зорлап, кейін өлтіріп кеткен. Ертесі күні полицейлер күдікті ретінде оның танысы 20 жасар Асхат Темірбаевты ұсталғане болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.