{metadescription}
Жүргізушілер жарысы зейнеткердің өлімімен аяқталды

Жүргізушілер жарысы зейнеткердің өлімімен аяқталды

Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, жол апаты 29 наурызда таңертең орын алған.

Апатқа көлік жүргізушілерінің бір-бірлерімен жарысы себеп болған. Олар түні бойы ойын-сауық орнында көңіл көтерген.

"Қазір олар өзара ерегістің неден туындағанын естеріне түсіре алмай жатыр. Біреуі ашуланған танысынан қашып кетпек болған. Қалғандары соңынан қуған. Көлік жүргізушінің бірі жылдамдықты асырып, "Газель" микроавтобусымен соқтығысқан", - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Жол апаты салдарынан бірнеше адам әртүрлі деңгейде жарақат алып, 62 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде