Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде 13 жасар жасөспірімді атып кетті
Өскемен қаласында 13 жастағы жасөспірімді белгісіз біреулер атып кетті.
17:00 05.04.2019
Бұл туралы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«3 сәуір күні сағат 19.00-де 35 жастағы қала тұрғыны полицияға шағымданған. Оның айтуынша, сағат 18.00 шамасында қаскүнемдер 13 жастағы ұлының аяғына оқ атқан», – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Жасөспірім достарымен үйдің ауласында ойнап жүрген, бір кезде балалар оқтың атылғанын естіген, ал жәбірленуші сол жақ аяғын көтере алмай қалған. Полиция қызметкерлерінің жедел қимылдауы нәтижесінде қаланың 68 жастағы тұрғыны ұсталған. Алкогольдік ішімдікке масайған ол пневматикалық винтовкамен пәтерінің терезесінен оқ атып, баланы жарақаттаған. Аталмыш қару Ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі анықтау шаралары басталып, оқ сараптамаға жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram