Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Семейде 13 жастағы бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті
Семейде 50 теңгеге ештеңе сатып ала алмаған 13 жастағы бала дүкен қызметкерін пышақтады.
12:39 09.04.2019
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім сабақтан кейін дүкенге еніп, 50 теңгеге не сатып алуға болатынын сұраған. Оған сатушының жауабы ұнамағандықтан пышаққа жармасып, сатушыға шабуылдапты. Бірнеше жарақат салған екен. Сондай-ақ кассадағы ақшаны қалтасына басып, із суытқан. Ол арада екі сағат өткенде ұсталады.
Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады. Себебі 14 жасқа толмаған. Әзірге ештеңе мәлім емес. Тексеру жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мән-жайды анықтау үстінде.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram