Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дариға Назарбаева сайлауға түспейді деген ақпарат жоққа шықты
Дариға Назарбаева егер партия оның кандидатурасын сайлауға ұсынып жатса, ондай ұсынысты қабыл алатынын, не алмайтынын айтпады.
17:55 09.04.2019
Назарбаева өзінің президент сайлауына түспейтіні туралы БАҚ-та тарап кеткен ақпаратқа байланысты түсінік берді. Баспасөзге Сенат спикері Дариға Назарбаева Президент сайлауына қатысуды жоспарлап отырған жоқ деген шындыққа сай келмейтін ақпарат тарап кетті.
– Конституция, заңдарға сай, елдің кез-келген азаматы сайлауға түсе алады. Ал кандидаттарды ұсыну туралы шешімді саяси партиялар қабылдайды, – деді Дариға Назарбаева тарап кеткен әлгі ақпаратқа байланысты.
Дариғаның сөзінше, сайлау нәтижелері Қазақстан халқының таңдауына байланысты, бәрі тек заң аясында болуы тиіс. Бірақ Дариға Назарбаева егер партия оның кандидатурасын сайлауға ұсынып жатса, ондай ұсынысты қабыл алатынын, не алмайтынын ашып айтпады.
Осыған дейін, Дариға Назарбаев президенттік сайлауға түспейді деп хабрланған болатын. Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram