{metadescription}
Алматыда екі полицейді пышақтап кетті

Алматыда екі полицейді пышақтап кетті

Бұл оқиғаға қатысты төрт күдіктінің екеуі ұсталып, екеуі әлі іздестіріліп жатыр.

Daewoo Nexia көлігін жалға алған ер адам 2 күндік ақшасын кешіктірген. Жалға беруші адам оны тауып алып, Наурызбай ауданында ұрып-соғып, 2 телефонын тартып алған. Кейін 14 мың теңгені 40 мың қып қайтарасың деп талап қойған. 

Ақшаны алу үшін келісілген жерге көлікті жалға бергендер 4 адам боп келген. Олар сол жерде 2 полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған. ҚР ҚК-нің «Билік өкілін қорлау» бабына сәйкес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.  Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

«Жарақат алған тәртіп сақшылары №7 қалалық клиникалық ауруханаға бірден жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі кезде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы бірқалыпты», - дейді полициядағылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде