Жүк пойызы тұрғын үй ғимаратына соғылды
Қытайдың орталық бөлігінде Хэнань провинциясындағы Гунъи қаласында жүк пойызы апатқа ұшырады
10:36 11.04.2019
Қытайдың орталығында орналасқан Хэнань провинциясына қарасты Гунъи қаласында жүк тасымалдайтын пойыздың шойын жолдан шығып кеткен. Апат салдарынан алты адам із-түзсіз жоғалды.
Ақпараттарға сүйенсек, оқиға 10 сәуір сәрсенбі күні кешкі уақытта болған. Боксит тиелген Chalco компаниясына тиесілі темір жол құрамы шойын жолдан шығып кетіп, тұрғын үй ғимаратына соғылған. Билік құтқару жұмыстарын жүргізу үшін және апаттың салдарын жою мақсатында жедел топ ұйымдастырды. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!