Қостанайда 2 оқушы қызды көлік қағып кетті
Қостанайда Абайда көшесінде Mazda көлігінің жүргізушісі физика-математика лицейінің маңында екі қызды қаққан.
12:03 11.04.2019
Оқиға 10 сәуірде сағат 15:35-те болған. Қаланың ПД-ға бұл оқиға жайлы хабар түскен. Қыздардың 2007 жылғы екені хабарланды. Оқушы қыздардың жасы шамамен 12 жаста. Жергілікті полиция депортаментінің мәлімдемесіне сүйенсек, көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашпаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын сұрастырып жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің сөзінше, екі қыздың да миына зақым келген. Олар Қостанайдың облыстық балалар емханасына жатқызылған. Куәгерлердің сөзінше, жол-көлік оқиғасы жаяуларға жолдан өтуге рұқсат етілген жерде болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары