{metadescription}
Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты

Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты

Осы уақытқа дейін 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты.

Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды. 

«Әлімбекованың айыбы дәлелденбеді, оның алты жылға берілген шешімі өзгертілсін. Ақталсын», - деп оқыды үкімді қалалық сот төрағасы Нұрғазы Әбдіханов.

Ал істің тағы бір фигуранты Феруза Ордабаеваны сот 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда рақымшылық заңына байланысты оның жаза мерзімі екі есеге қысқарды. Бұған дейін осы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан болатын. Ал Әлімбекова өзіне жала жабылғанын мәлім еткен.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылған болатын. Ал арада бірнеше күн өткенде әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.