Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Таиландта туристердің өлім жазасына кесілуі мүмкін екені ескертілді
Таиландтың Пхукет аралындағы Май Кхао жағажайы - жақын маңда орналасқан әуежай үшін кең танымалдыққа ие.
18:31 11.04.2019
Мұнда туристердің дені әуеге көтеріліп бара жатқан ұшақпен селфи жасау үшін келеді. Алайда таяуда бұл заңсыз болмақ. Халықаралық Пхукет әуежайының әкімшілігі туристерді Май Кхао жағажайында селфи жасамауға шақырды. Себебі бұл ұшақты қондырғалы жатқан ұшқыштарға кедергі келтіреді, дейді әуежай өкілдері.
Әуежай басшысының орынбасары Вичит Каотайтиам жағажайдың үстінен ұшақ ұшып өтетін бөлігі жабылатынын хабарлаған. Жақын уақытта бұл аумаққа қоршау орнатылады. Алайда мұндағы ең бастысы селиф жасағаны үшін берілетін жаза болып отыр. Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынып қана қоймай, максималды шара ретінде өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Әуежай басшылығының сөзінше, суретке түскен адамдар ұшқыштарды алаңдатып, апаттық жағдай туғызуы мүмкін. Ал Пхукет тұрғындары мұндай тыйымды жөнсіз деп санап, аталған қатаң жазадан бас тартуға шақыруда. Олардың сөзінше, мұндай өзгеріс туристердің санын азайтып, жергілікті шағын бизнеске кері әсер етеді.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram