Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Күнделікті қолданылатын ең лас 10 зат анықталды
Дәрігерлер күнделікті қолданылатын кейбір заттардың аса қауіпті екенін айтып отыр.
08:44 12.04.2019
Ұялы телефон, көлік рөлі, сөмкенің сабы мен ақша күнделікті қолданылатын ең лас заттардың қатарында. Мамандардың айтуынша, қауіпті заттардың қатарына лифт батырмалары, банкомат, супермаркет арбаларының сабы, қоғамдық жерлердегі есік тұтқасы, теледидар пульті мен ыдыс жууға арналған шүберек те бар.
Алайда қауіпті заттар тізімі мұнымен де аяқталмайды. Өйткені микроағзалар кілем, диван, ас плитасы, жуынатын бөлме мен душ кабинасында өте көп болады. Дәрігерлер оларды ұстағаннан кейін міндетті түрде қол жууға кеңес береді. Әсіресе, есік тұтқалары, ақша мен хайуандарды ұстағанда абай болу керек. Ет пен жұмыртқа сынды шикі тағамдарға қол тигізгеннен кейін, тамақ ішердің алдында және тамақтан кейін қол жуу керек.
Мамандар қатты сабынның орнына сұйық сабын қолдануды дағдыға айналдыруға кеңес береді. Олар тырнақты тазалап, жууға да аса көңіл бөлу керектігін атап өткен. Ал жолда болған кезде микробтардан қорғайтын қолға арналған антисептик қолдану керек.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram