Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды
Петропавл қаласына әкім болып Болат Жұмабеков тағайындалды.
11:13 12.04.2019
«Болат Жұмабеков Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі болып жұмыс істеген», - деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Болат Серікұлы 1972 жылғы 5 қарашада Көкшетау облысының (қазіргі Ақмола облысы) Куйбышев ауданындағы Куйбышев кентiнде туған. Ол Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Агроном және заңгер. Өзінің еңбек жолын 1995 жылы СҚО Тимирязев ауданында шаруашылық қожалығының агрономы қызметінен бастаған. 1999-2005 жылдар аралығында Тимирязев ауданы жер ресурстарын басқару бойынша комитеттің төрағасы болған.
2005-2007 жылдарда СҚО Тимирязев ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы. 2007-2009 жылдар аралығында Тимирязев ауданының әкімі қызметін атқарған. 2009 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін СҚО әкім аппаратының жетекшісі. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2014-2018 жылдар аралығында СҚО Қызылжар ауданы әкімі қызметтерінде болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram