Қазақстандық дзюдошы қыз өмірден өтті
11 сәуір күні дзюдошы Аэлита Щербакова көз жұмды.
11:37 12.04.2019
Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 24 жастағы Аэлита Щербакова дзюдодан Қазақстан ұлттық командасының мүшесі болған. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті еліміздегі барлық спорттық қоғамдастық атынан талантты спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогінің күміс жүлдегері (Ақтау, 2018).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!