Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда қайтыс болған адамдар зейнетақы алып отырған
«Павлодар қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» көз жұмған адамдарға зейнетақы төленгені белігілі болды.
18:15 12.04.2019
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қанат Қасымов мәлім етті.
- Зейнетақы төлемі мен жәрдемақыны қолдану бойынша комиссия шешімінде қамқорлыққа алынған тұлға қайтыс болғаннан кейін де оған бірнеше айлар бойы жүйелі түрде зейнетақы мен жәрдемақы, оған қоса, сабын, жаялықша сияқты гигиеналық затар және дәрілік заттар жұмсалып отырған. Тіпті, көз жұмған адам стоматологтың қызметін алған. Жалпы, бұндай 38 жағдай тіркелді, - деді Қанат Қасымов.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Камалова басқарманың бұл мәселелермен жұмыс жасап жатқандығын атап өтті.
- Көз жұмған адамдардың атына заттардың шығындалуы бойынша тексеріс жасадық, - деді Хелуа Кәшкенова.
38 жағдайдың 8-і нақтыланды. Орталық қызметкерлері заттарды өздері алып жүрген. Келтірілген шығын көлемі 184 мың теңгені құрайды. Ал, қалған 32 жағдай нақтыланбады. Іс жүзінде заттар шығындалмаған. Бұл орталықтағы жұмыстың жүйелі болмауының әсерінен. Яғни, адамның қайтыс болғаны уақытылы хабарланбаған. Қызметкерлер арасында міндеттер дұрыс бөлінбеген. Ал, мойындаған қызметкерлерге тексеріс жүргізілуде. Қызметтерінен босатуға дейін шаралар қолданылады.
Дереккөз: Рavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram