{metadescription}
0:000:00

Қарағандыда жас әйелді пышақтаған ер адам ұсталды

Қарағанды дәмханаларының бірінде жас әйелді пышақпен жарақаттаған 46 жастағы азамат ұсталды. 

Күні кеше әлеуметтік желіде Қарағандыда «Арман» дәмханасының маңында түсірілген видео тарады. Аталған видеодан дәмхана маңына келіп тоқтаған жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін көруге болады. Видеоны жолдаған желі қолданушысы «Кривогуз көшесіндегі 33-үйде орналасқан «Арман» дәмханасы. Әйелді жабылып соққыға жыққан, 5 патруль мен жедел жәрдем келді. Әйелді шамамен бес адам ұрған. Өлімше етіп сабаған сияқты» дейді. 

«12 сәуір күні сағат 23:50-де Кривогуз көшесінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінде болған жанжалдан кейін белгісіз адам 26 жастағы әйелді пышақпен жарақаттаған», - делінген хабарламада. 

Қылмыстық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының арқасында 46 жастағы азамат қолға түсті. Оның үстінен ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалмақ. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.