{metadescription}
Алматы маңында әйел мен ер адамды көлік қағып өлтірді

Алматы маңында әйел мен ер адамды көлік қағып өлтірді

Алматы-Бішкек тасжолында Volkswagen Golf жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған ер адам мен әйелді қағып өлтірді.

Қайғылы оқиға 14 сәуір күні түнде Қарасай ауданы Алматы-Бішкек тасжолынан 23 километр қашықтықта болды. Қол ұстасқан жұп "Бахар" мейрамханасынан шығып, жолдан өтпек болыпты. Жарығы жоқ бөлікте ер адам мен әйелді жеңіл автокөлік қағып кеткен. Соққының күшті болғаны соншалық, оларды 10 метр қашықтыққа дейін ұшырып жіберген.

Алған жарақаттарының салдарынан әйел сол жерде жан тапсырған. Ал оның сүйіктісі ауруханада мерт болды. Қазір фактіге сәйкес, ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.