Қыздарға бұдан былай 17 жастан күйеуге шығуға рұқсат етілмейді
Өзбекстанда қыздардың тұрмысқа шығу жасы ұлғаяды.
11:38 24.04.2019
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев балалардың құқығын қорғауды күшейту шаралары туралы жарлыққа қол қойды.
«Құжаттың бір тармағына сәйкес қыздардың некелесу жасы ұлғайтылды, яғни бұрын тұрмыс құру жасы 17 болса, қазір – 18», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, түзетулер 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Бүгінде республика заңына сәйкес, некелесу жасы ерлерге - 18 жас, әйелдерге - 17 жас. Былтыр қараша айында Өзбекстанның әйелдер комитетінің төрайымы Мукаррам Нурматова елде некелесу жасының өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!