{metadescription}
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Әкімдік сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Е.Каналимов әлеуметтік қорғау, ішкі және жастар саясаты, ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жауапты болады.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылдың 22 тамызында Целиноград қаласында туған. Білімі жоғары, 2003 жылы Астана қаласының Басқару институтын «экономист» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

2005 жылы Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2005-2006 жылдар аралығында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің басшысы болды.

2006-2007 жылдары - Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі.

2007-2009 жылдары - Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.

2009-2013 жылдар аралығында - Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2013-2015 жылдар аралығында - «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ директоры.

2015-2018 жылдар аралығында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың 20 наурызынан бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды. Үйленген, 4 баласы бар. ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыру және өткізуге қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2010), ҚР Президентінің сайлауын өткізуге қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2015), «Қазқстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде