ШҚО-да өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды
Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды.
01:28 29.04.2019
«28 сәуір күні ШҚО Шемонаиха ауданының Половинка ауылында жеке үйдің 80 шаршы метр аумағы өртенді. Өрт бөлімшелері тілсіз жауды сағат 9:31-де тоқтатты және 12:28-де толық сөндірді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Жалынды сөндіруге ШҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 12 адам мен 3 техникасы жіберілген.
«Өрт қалдықтарын тексере келе, үй орнынан 1949 жылғы ер адам мен 1986 жылғы әйелдің мәйіті табылды», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!