Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
6 көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Германияның шығысындағы А71 автомагистралінде алты автомобиль соқтығысты.
08:40 29.04.2019
Апат салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған. Оның алдында дәл сол күре жолда 50 автомобиль соқтығысып, 25 адам жарақат алған болатын. Қайғылы оқиға 28 сәуір, жексенбі күні кешкісін Земмерда және Эрфурт қалаларының арасындағы автобанда болған. Көліктің бірі жанып кеткен. Полицейлердің айтуынша, зардап шегушілерді құтқару үшін тікұшақ қызметіне жүгінуге тура келген.
Сол күні дәл осы А71 күре жолында, Зуль және Майнинген елді мекендерінің арасында көктайғақ салдарынан 50 көлік соқтығысқан болатын. Автомобильдер қатты келе жатып, бір-біріне соқтығысқан, кейбірі шыр айналған. Апат учаскесі бірнеше жүздеген метрге жетті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram