Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Талғат Ерғалиев президенттік сайлауға қатысудан бас тартты
Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде ұсынған өтінішін кері қайтаратындығын мәлім етіп, «Ақ жол» партиясының кандидаты Дания Еспаеваға қолдау білдірді.
10:37 29.04.2019
Қазақстанның құрылысшылар одағы атынан ҚР Президенттігіне Т. Ерғалиевтің ұсынылуына байланысты «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев партия мүшесі болып саналатын Талғат Файзуллаұлымен кездесті. Белгілі болғандай, партияның жақында өткен съезінде алты үміткер бойынша құпия дауыс беру өтіп, онда Құрылысшылар одағының жетекшісі 31,6 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды.
Перуашев Талғат Ерғалиевтің өз кандидатурасын ұсыну құқығына құрметпен қарайтынын жеткізді. Алайда съезде 6 «праймериз» қатысушының партияның бірегей үміткері Дания Еспаеваның командасына кіретіні туралы шешімді еске салды.
Ол өзінің ҚР құрылысшылар одағының атынан президенттікке ұсынылғаны дұрыс екенін, бұл ұйымды көптен бері басқарып келе жатқанын, саланың барлық мәселесін және халықтың қолжетімді баспанаға сұранысын білетінін айтты. Сонымен қатар аталған мәселелерге мемлекеттік деңгейде жеткілікті назар аударылмайды деп санайтынын жеткізді.
Талғат Файзуллаұлы партия төрағасымен кездесуден кейін «Ақ жолға» деген құрметін алға тартып, Орталық сайлау комиссиясынан өзінің өтінішін кері қайтарып, Дания Еспаеваның сайлау алдындағы науқанына қатысуға дайын екенін мәлім етті. Азат Перуашев Қазақстан құрылысшыларының одағының төрағасына алғыс білдірді. Еске сала кетейік, жақында Қазақстанның құрылысшылар одағы ҚР Президенттігіне Талғат Ерғалиевті ұсынған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram