{metadescription}
Талдықорғанда 8 млн теңгеге салынған аялдама өртеніп кетті

Талдықорғанда 8 млн теңгеге салынған аялдама өртеніп кетті

Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округінде 8 млн теңгеге тұрғызылған аялдама өртеніп кетті.

Бұл аялдама әкімдік ғимаратына қарама-қарсы орналасқан.

«Біләл Сүлеев көшесіндегі аялдамада өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Барлық шығындарды мердігер мекеменің өзі төлейтін болады. Себебі бұл аялдама әлі пайдалануға берілмеген»,  - деді  Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.

Маман  смарт аялдаманың нақты қанша жерге орнатылғанын айта алмады.

«Шамамен 15 орынға қойылған болуы мүмкін», - деді Д.Жаныс.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.