{metadescription}
0:000:00

Алла Пугачова Ержан Максимге ерекше сыйлық тарту етті

«Голос. Дети» жобасының алтыншы маусымының жүлдегері, 11 жасар қазақстандық Ержан Максимге Алла Пугачева «Алла Пугачеваның Алтын жұлдызы» сыйлығын табыс етті.

Алла Пугачева кездесуге төрт финалист - Ержан Максим, Роберт Багратян, Нино Чеснер және Анастасия Иванованы шақырды. Кездесу кезінде түсірілген видеоны Светлана Лобода Instagram желісінде жариялады. Пугачова Ержан, Нино, Роберт пен Анастасияға «Алла Пугачеваның алтын жұлдызы» аталатын алқа сыйлады. Ресей эстрадасының аңызы бұл сыйлықты жас дарындарды қолдау үшін, 2005 жылы құрған. Сонымен қатар балаларға диплом мен ақшалай сыйлықтар берілді. 

Естеріңізге сала кетейік, оралдық Максим Ержан көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, «Голос. Дети» жобысының финалында екінші орынды иеленген болатын. Ержан Максим Валерия Меладзе командасының атынан өнер көрсетті. Финалда қазақстандық Эрик Кармена All by Myself және Лараның Фабиан Adagio әндерін орындады Байқауды көрермендердің 56, 5% дауысын жинаған ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Яна Абрамовтың қызы Микелла Абрамова жеңіп алды. Ал Ержан Максим 27,9% дауыс жинады.

Айта кетейік, шоуға қатысты үлкен дау туындап, Ресейлік танымал жүргізуші Максим Галкин «Голос. Дети» байқауының шынайы жеңімпазы деп Ержан Максимді атады.



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.