{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлы ресейлік «Голос. Дети» байқауындағы дауға қатысты пікір білдірді

Арыстанбек Мұхамедиұлы ресейлік «Голос. Дети» байқауындағы дауға қатысты пікір білдірді

Бүгін Ержан Максим Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесті.

«Әр конкурстың ерекшелігі бар. Бізде үлкен жетістіктер жетерлік. Әрине, екінші орын емес, Ержанның бірінші орын алғанын бәріміз қалаймыз. Бірақ, бізде басқа да конкурстарға қатысып жатқан қатысушылар бар. Мысалы, вокалдан Салтанат Ахметова Ресейдегі «Большой проект» деген конкурста операдан гран-при алды. Сол секілді, Бахтияр Адамжанов деген биші жігіт жылына екі-үш конкурсқа барып, міндетті түрде гран-при әкеліп жүр. Жақын арада Италиядағы үлкен байқауда әлемнің ең үздік 15 бишісі шақырылды. Сонда Бахтияр тағы да бірінші болды. Сол секілді, Ержанның екінші орны де өте жоғары жетістік», - деді министр.

Министр жас әншіге IPad mini планшетін сыйға тартып, шығармашалығына табыс тіледі.

«Байқаудың қорытындысына көңілің тола ма, бірінші орын алмағаның үшін өкпең бар ма?», - деп Ержаннан журналистер сұрады. 

«Жоқ, бірінші орын алмағаным үшін ешкімге өкпелемеймін. Бір жағынан, бірінші орын алмағаным да жақсы болды. Егер мен байқауда бірінші орын алсам, бәрі мені құттықтайтын еді. Енді екінші орын алсам да, әртістер танып, әлеуметтік желіде оқырмандарым көбейді», - деді Ержан Максим.

Сонымен қатар жас әнші қазақстандарға өз алғысын білдірді.

«Голос. Дети" байқауынан соң көп нәрсе өзгерді. Бұрын мені Орал халқы ғана танитын. Енді Қазақстанның жартысы таниды деп ойлаймын. Instagram желісіндегі оқырмандарым көбейді. Осылай қолдау білдіргендеріңіз үшін сіздерге рақмет айтамын. Менің ойымша, "Голос. Дети" байқауы әділ өтті», -деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.