Димаш Құдайберген «Голос. Дети» финалына қатысты не ойлайтынын айтты
Ресейлік байқаудың финалисі өзін танымал әнші Димаш Құдайбергеннің видео қоңырау арқылы құттықтағанын айтты.
17:49 29.04.2019
«Бауырсақ бала! Сенің финалда көрсеткен өнеріңді тамашалап шықтым. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісің құтты болсын, Ержантай! Алар асуларың көп болсын. 100 миллионнан астам халықтың арасынан 2-орын алу деген өте үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салғаның да дұрыс болды. Нағыз джентльмен сондай болады! Барлық қатысқан бүлдіршіндерді құттықтаймын. Бірақ мен үшін Ержантай жеңімпаз!», - деп жазды Димаш инстаграмдағы парақшасында.
«Болашақта Димаш ағам секілді болуды армандаймын. Ол кісіге айтар алғысым шексіз. Алла Пугачевамен кездесердің алдында Димаш ағам видео қоңыраумен хабарласып, жылы лебізін білдірді. Ресейде жүріп «спасибо» деп айтып үйреніп қалыппын. Димаш ағам маған «қазақша сөйле» деп ескерту жасады», - дейді Ержан Максим.
Еске сала кетейік, Ержан Максим мен анасы Гүлмира Әлібек мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!