Телеоператор өзінің қаза тапқан сәтін түсіріп үлгерген
Грецияның Каламата қаласында телеоператор жергілікті Пасха мерекесінде «садақпен атысу» сайысын түсіріп тұрған.
17:14 29.04.2019
Телеоператор өзінің қаза тапқан сәтін түсіріп үлгерген. Сол сайыстағы оқтың бірі 53 жастағы оператордың басына тиген. Грецияның Каламата қаласында телеоператор жергілікті Пасха мерекесінде «садақпен атысу» сайысын түсіріп тұрған. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Бірақ сол жерде көз жұмған.
Таспаға өзінің қаза тапқан сәті түсіп қалған. Бұдан бөлек, сегіз жастағы қыз Фивы қаласында ауыр жарақат алған.
Еске сала кетейік, Шри-Ланкада адамның бет-әлпетін анықтауға кедергі келтіретін киім мен бас киім киюге тыйым салынғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!