Цеснабанк атауын өзгертіп, Жусан банк болды
«Цеснабанк» АҚ атауы «First Heartland Jýsan Bank» АҚ болып өзгерді.
10:37 30.04.2019
Ребрендинг туралы шешім банктің жаңа бизнес стратегиясы аясында қабылданған. Биыл жыл бойы сыртқы жарнама элементтері алмастырылып, Jýsan Bank логотипі мен банктің жаңа өнімдері жазылады.
Неге Жусан банк?
Банк басқармасының төрағасы Бекжан Пирматовтың айтуынша, латын қаріпіндегі банктің қазақша жаңа атауы біздің еліміздің біртұтастығы мен дамуын білдіреді.
"Көктемдегі жусан иісі – Ұлы даланың жаңарып, қайта дүниеге келуінің символы. Бұл өткен, қазіргі және болашақ кезеңімізді байланыстыратын біздің Отанымыздың иісі десек те болады", - дейді Пирматов.
«Ұлы даланың оянуы мен жаңаруынан белгі беретін жусанның хош исін бәріміз білеміз. Шындығында, ол біздің Отанымыздың исі. Біздің банктің қазақ латын әліпбиіндегі аты құндылықтарымызды өрнектейді», - дейді банктің басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.
Цеснабанк атауының шығу тегі
Бұрын Цеснабанктің басты акционері "Цесна" қаржы холдингі болған. Оның атауы кеңес заманында қалыптасқан, яғни "Целиноград Снаб" дегеннен қысқартып алынған. 2018 жылдың қыркүйегінде корпорация директорлары кеңесінің төрағасы боп Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Кейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жақсыбековті ҚР президенті әкімшілігі жетекшісі қызметінен босатқан.
Цеснабанк басшысы кім?
Ал биыл ақпан айында "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектебі" – First Heartland Securities сынды автономды білім ұйымының тобы "Цеснабанк" АҚ-тың 99,5% қарапайым акциясын сатып алған болатын. Осылайша Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің басшысы болып тағайындалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!