Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нағашысы тоғыз жасар жиенін көлікке байлап сүйреген
Жеткіншектің анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолында қалдырған.
11:44 01.05.2019
Бішкекте 33 жастағы ер адам жиенін BMW көлігіне байлап, бірнеше метрге сүйреді деген күдікке ілінді.
«27 сәуірде сағат 8:00 кезінде аудандық ішкі істер басқармасына «Алтын Қазық» тұрғын алабында ер адамның баланы соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Құқық қорғаушылар бірден оқиға орнына аттанып, олардың кім екенін анықтады», - делінген Ішкі істер бас басқармасы хабарламасында.
Бішкекте ер адам 8 жастағы жиенін көлігіне байлап, 20 метр жерге дейін сүйреген. Оқиға 27 сәуірде болған. Көршілерінің айтуынша, бала апасының үйінен ақша ұлаған. Оны нағашы ағасы ұстап алып, қолын байлап, көлігіне жеккен. Кейін 20 метрге дейін сүйреген.
Жарақаттанған баланы полицейлер ауруxанаға жеткізген. Күдікті ұсталды, өз әрекетін «жиенімді тәрбиелегім келді» деп ақтап отыр. Аталған дерек «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram