Әйел адам мысықтың кесірінен қомақты ақшадан құр қала жаздады
АҚШ-тың Мэриленд штаты тұрғыны лотереядан 50 мың доллар ұтып алып, бірақ қомақты қаражатқа екі айдан соң ғана қол жеткізді.
16:34 01.05.2019
Әйелдің айтуынша, ақпан айының соңында Балтиморда бірнеше лотерея билетін сатып алып, үйіне әкеліп, бір жерге қоя салған. Арада бірнеше ай өткенде үйін жинастырып жүрген әйел төсектің астынан бірнеше қағаз тауып алыпты. Сөйтсе, мысығы тумбочканың үстінде жатқан қағаздарды сырғытып түсіріп жіберіп, үй иесі ол жайлы мүлдем ұмытып кеткен көрінеді. Құжаттардың арасында лотерея билеттері де жатқан. Әйел оларды арнайы мобильдік қосымша арқылы тексеріп көреді.
"Билеттердің бірінен ұтыс шықты!" – дейді қуанған америкалық.
Ол лотерея ұйымдастырушыларымен бірден хабарласып, сыйақысын алыпты. Әйелдің айтуынша, қомақты қаражатты үйін жөндеуге жұмсап, он процентін шіркеуге қайырымдылық ретінде бермек. Ұтыстың біраз бөлігін адамдарға көмектесуге пайдаланғысы келеді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!