{metadescription}
Психиатрия дәрігері науқасты қылқындырған

Психиатрия дәрігері науқасты қылқындырған

Ташкент психиатрия ауруханасындағы науқастардың туыстары клиника дәрігерлері емделушілерді мазақтап, ұратынына шағымданды.

21 жастағы Мадина Набижонованың айтуынша, 24 сәуірде аурухананың видеокамераларына санитар дәрігер оның ауру күйеуін еденге жатқызып, тұншықтырғаны түсіп қалған.

"Олар адамды тынышталдыратын түрлі дәрілер береді. Күйеуім соның әсерінен әрең жүреді. Санитар дәрігер оның алқымынан алып, жұлқылаған. Еденге құлатып, тұншықтырған. Күйеуім есінен танып қалған. Мен бұны көргенде шошып кеттім", - деді Набижонова. Осы оқиғадан соң ол күйеуін ауруханадан алып кетіп, үйінде емдеуге кіріскен.

Аурухананың бас дәрігері Хайрулла Хусанходжаев дәрігерлер науқастарды ұрады дегенді жоққа шығарды. Бас дәрігер төтенше жағдай кезінде санитар дәрігерлер науқасқа күш қолдануға құқығы бар деп түсіндірген. 2018 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев осы ауруханада болып, клиниканы елдегі алдыңғы қатарлы медициналық мекемеге айналдыруды ұсынған.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде