{metadescription}
Марк Цукерберг Facebook-тің жаңа дизайнын ұсынды

Марк Цукерберг Facebook-тің жаңа дизайнын ұсынды

Facebook платформасының негізін қалаған Марк Цукерберг сайттың және платформа қосымшасының редизайнын ұсынды. 

Цукерберг F8 конференциясының барысында осы мәлімдемені жасады. Платформаның сыртқы келбетінен бөлек, функционалы өзгереді. 

Facebook сайтында, қосымшасында төбесінде тұрған көк "қалпақ" жойылады. Платформа ашық түстермен безендіріледі. Жақынарада iOS және Android жүйелеріне жаңартылған қосымшалар келеді. Ал сайттың редизайнын компания бірнеше айдың ішінде жасайды. 

Жаңа дизайнда ақ түс басымырақ болады. Компания көк түстен мүлдем бас тартуды жоспарлап отыр. Топтар бөлімінде дербестендірілген жаңартулардың топтамасы пайда болады, топтарға кеңес беру механизмі жақсарады. 

"Соңғы он бес жылдың ішінде біз Facebook және Instagram-мен жұмыс істей отырып, сіздерге көптеген адамдармен араласуға мүмкіндік беретін қалалық алаңның сандық аналогын жасауды көздедік. Қазір біз қонақ үйді жасауға талпынып жатырмыз", — дейді кәсіпкер. 

Конференция барысында WhatsApp және Messenger қосымшаларын шифрлеумен айналысып жатқанын айтты. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде